Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙДА ҚОСТАНАЙ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БӘЙГЕНІҢ ОСЫ МАУСЫМДАҒЫ СОҢҒЫ АТ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Бәйге 5 қашықтық бойынша: 1600 метр, 2800 метр, және 3200 метрлік классикалық ұшқыр бәйге сондай-ақ 7000 метр құнан бәйге мен 20000 метр аламан бәйге өтеді.

Классикалық ұшқыр бәйге - 1600 м 2 жастағы (айғыр, бие)

Классикалық ұшқыр 2800 м 3 жастағы (айғыр, бие)

Классикалық ұшқыр бәйге 3200 м 4 жас және одан жоғары (айғыр, бие)

Құнан бәйге 7000 м 2 жастағы (айғыр, бие)

Аламан бәйге 20000 м 3 жас және одан жоғары (айғыр, бие)

Ат жарысты Қостанай облысы әкімдігінің, Qazaq Jockey Club және Республикалық «Бәйге» федерациясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды.

Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Еске сала кетсек, Республикалық «Бәйге» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.