2024 жылғы 3-7 шілде аралығында Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында дәстүрлі садақ атудан ҚР чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-17 жас аралығындағы 300-ге жуық спортшы қатысады деген болжам бар.
Сайыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы, Қалқан нысанасы және Жамбы нысанасы. Жарыстың әр түрі бойынша 5 оқтан 5 мүмкіндік беріледі.
Жас ерекшіліктеріне байланысты әр нысананың арақашықтары әртүрлі. Атап айтсақ, 7-9 жас – 10 метр, 10-12 жас – 15 метр, 13-15 жас – 20 метр, 16-17 жас – 25 метр. Ұлдар мен қыздар жеке-жеке өзара сынға түседі.
Барлық спортшыларға бірдей үш нысанада бақ сынау мүмкіндігі беріледі. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі диплом, медальдармен марапатталады.
Жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі садақ ату чемпионаты ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, “ Sadaq Aty “республикалық федерациясы және “ Oskemen sadaq atu “Федерациясы.
Чемпионаттың ашылу салтанаты: 4 шілде, сағат 11:00
Чемпионаттың өтетін орны: Өскемен қаласы, Бульвар Гагарина тұрғын үй алабы, 15/1
_______________________________________