ҚОСТАНАЙ ЖЫЛҚЫ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА БЕС ҚАШЫҚТЫҚ БОЙЫНША БӘЙГЕ ӨТТІ
2024-08-11 13:27
1600 метр қашықтықтағы классикалық ұшқыр бәйгеде 1-орын, «Жас Үміт» жүлдесін Тактика атты тұлпар алды. Шабандоз – Мария Кариева. Жылқы иесі – "Қазақ тұлпары" ЖШС.
2800 метр қашықтықтағы классикалық ұшқыр бәйгеде 1-орын, «Қазақстан Дерби» жүлдесін Самғау атты тұлпар алды. Шабандоз – Байқұрман Сабыржан. Жылқы иесі – Қабдылқалым Құлтасов.
3200 метр қашықтықтағы классикалық ұшқыр бәйгеде 1-орын, «Астана кубогі» жүлдесін Тафия атты тұлпар алды. Шабандоз – Олжас Әбдіхамит. Жылқы иесі – Әділет Тасмұхамбедов.
7000 метр қашықтықтағы Құнан бәйгеде1-орын, «Астана» жүлдесін Сарма атты тұлпар алды. Шабандоз – Темірлан Застежко. Жылқы иесі – Данияр Елемесов.
20 000 метр қашықтықтағы Аламан бәйгеде1-орын, «Астана күні мерекесі» жүлдесін Тахмина атты тұлпар алды. Шабандоз – Әлинұр Еламанов. Жылқы иесі – Қадырбек Тоқмурзин.
Ат жарысты Қостанай облысы әкімдігінің, Qazaq Jockey Club және Республикалық «Бәйге» федерациясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды.
Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Еске сала кетсек, Республикалық «Бәйге» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.