Аталған дүбірлі додаға еліміздің 10 өңірінен, атап айтар болсақ Алматы қаласы мен Алматы, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, СҚО және Павлодар облыстарынан келген ардагерлер қатысып, өзара бәсеке көрігін қыздырды.
«Чемпионат өте жоғары дәрежеде өтті. Ардагерлердің шеберлігіне тәнті болдық» -, деді Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.
Асық ату спортының қортындысы бойынша, Қызылорда облысының командасы жеңіске жетті. Жамбыл облысы екінші орынға табан тіреді. Ал Ақмола облысының командасы үздік үштікті түйіндеі.
Бес асықтан Қызылорда облысының командасы қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені алды. Екінші орынға Павлодар облысының командасы ие болса, Ақтөбе облысының командасы үздік үштікке кірді.
Жекелей және командалық сайыста жеңімпаз және жүлдегер атанған асықшыларға ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломдары мен медальдары табыс етіліп, командалық сында топ жарғандарға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атынан 1-ші орынға 150 000 теңге, 2-ші орынға 100 000 теңге, үшінші орынға 75 000 теңге қаржылай сыйақы берілді.
Іс-шараның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Еске сала кетсек, Республикалық «Асық ату» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.