Жаңалықтар

1 мамырда Қазақстанда ат шабыс маусымы басталады

2024-04-15 16:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Қазақ жокей клубы 2024 жылғы 1 мамырда Алматы қаласындағы ипподромда биылғы жылдың алғашқы ат шабысын өткізеді.

Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі ат шабыс бойынша өтеді. Атап айтқанда, «Көктем» жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), «Көктем» жүлдесі (ашық), «Ашық» жүлдесі (ашық), Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «1 мамыр» жүлдесі, Гандикап жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), Жасөспірімдерге арналған жүлде (ҚР туған жылқылармен), Гандикап жүлдесі (ашық), Талғат Бигелдинов атындағы жүлде (ҚР туған жылқылар үшін), «Кіріс» жүлдесі.

Аталған 9 түрлі ат шабыс 1000, 1200, 1600, 1800, 2000 метр қашықтықта өтеді. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның 70 ең үздік сәйгүлігі қатысады. Көрермендердің назарына «Қыз қуу» және т.б. байқаулар ұсынылады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, ипподром «Құлагер» шағын ауданы, Омаров көшесі, 10 «а».

Басталуы: 1 мамыр, 2024 жыл, сағат: 15:00