Сәуірдің 14-19 аралығында Шымкентте ересектер арасында тұңғыш Азия чемпионаты өтеді.
Чемпионатты Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, Ұлттықспортқауымдастығы, Жамбы ату федерациясының қолдауымен Азиялық жамбы ату федерациясы ұйымдастырып жатыр.
Бас демеуші – «Самұрық-Қазына» қоры.
Бас серіктес – «Alageum electric» компаниясы
Ақпараттық серіктес – Qazsport телеарнасы
Демеуші – «Спорт қоры» спортты қолдау қоры
Чемпионатта сары құрлықтың 14 мемлекетінен келген 60 спортшы 4 стиль (жамбы, түркі, азия, мажар стилдері) бойынша жарысқа түседі.
Қатысушы мемлекеттер: Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстан.