Жаңалықтар

Аударыспақтан ересектер арасындағы 23-ші Қазақстан чемпионаты аяқталды.

2024-11-12 19:00
10 қарашада Шымкент қаласында Аударыспақтан ересектер арасындағы 23-ші Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Төрт күнге созылған жарысқа ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдау көрсетті.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Аударыспақ» федерациясы, Шымкент қаласынының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.

Жарыс 9 салмақ бойынша (57 келі, 62 келі, 68 келі, 74 келі, 80 келі, 87 келі, 94 келі, 100 келі, 100 + келі) өтті. Әр салмақ бойынша жеңіске жеткен үздіктерге қаржылай сыйлық, медальдар және дипломдар табыл етілді.