Аударыспақтан ересектер арасындағы 23-ші Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
2024-11-12 18:00
57 келіде Ақтөбе облысының оғланы Дәулет Нағашыбаев алтыннан алқа тақса, күміс жүлдеге Маңғыстаулық Қазыбай Айдарбеков қол жеткізді. Қос қола Маңғыстаулық Бақытжан Жеткізген мен Абайлық Руслан Құнанбаевқа бұйырды.
62 келіде Ақтөбе облысының палуаны Азамат Серғазин жеңімпаз атанса, екінші орынды Түркістандық Ермек Құралбай иеленді. Үздік үштікті Ақтөбе облысынан келген Әлішер Сәлімжанов пен Батыс Қазақстандық Бейбіт Аранов түйіндеді.
68 келіде Ақтөбелік Нұржігіт Жүсіпов бас жүлдені жеңіп алса, Батыс Қазақстан облысының палуаны Абай Кенжебаев күміс алқаның иесі атанды. Қола медаль Жамбыл облысынан келген Мұстафа Берікбай мен Ақтөбелік Балтабек Төребекке бұйырды.
74 келіде Түркістандық Алмат Ләтіпбек қарсыластарын қапы қалдырып, тұғырдың бірінші сатысынан көрінді. Жетісулық Бірлік Нұрпейіс екінші орын алса, үшінші орынды Батыстың палуаны Мұхамед-Әли Айтқали мен Ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов иеленді.
80 келідегі тартыста Шымкеттік Расул Құрайыш алтын алқа иегері атанса, күміс алқа Ақтөбелік Аслан Есенғаринге бұйырды. Қоланы Батыс Қазақстандық Райымбек Сабырғалиев пен Түркістандық Дарын Өткелбай алды.
87 келінің жеңімпазы Түркістандық Ғабит Ағабек атанды. Ақтөбелік Ғалел Рамазан екінші, Шымкенттік Мырзағали Көбей мен Түркістандық Сәкен Жүніс үшінші орыннан көрінді.
94 келіде Есімхан Рахматіллә топ жарса, екінші орынды Ақтөбелік Мейрамбек Дәулет еншіледі. Үшінші орын Жамбыл облысының оғланы Нұржігіт Әмзеев пен Ақтөбелік Дәлер Оразымбетовке бұйырды.
100 келіде Түркістандық Сырым Ізбасаров топтың басынан көрініп, алтын жүлдені жеңіп алды. Күміс алқа Ақтөбелік Арман Сағымбаевтың еншісінде. Қоланың иелері Батыстық Төлеби Қайыржанов пен Түркістандық Түймебек Жұмалиев.
100 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен палуандар арасында Түркістандық Біржан Қосалиев қарсылас шақ келтірмей, алтынан алқа тақты. Күміс жүлдені Шымкенттік Аятбек Қосымбаев алса, қола Жамбыл облысының оғланы Данияр Смайыловпен Қызылордалық Ораз Оспановқа бұйырды.
Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!