1400 метр қашықтықтағы классикалық ұшқыр бәйгеде 1-орын, «Жас Үміт» жүлдесін Бастилия атты тұлпар алды. Шабандоз – Олжас Әбдіхамит. Жылқы иесі – Виктор Калинин.
2400 метр қашықтықтағы классикалық ұшқыр бәйгеде 1-орын, «Қазақстан Дерби» жүлдесін Самғау атты тұлпар алды. Шабандоз – Олжас Әбдіхамит. Жылқы иесі – Қабдылқалым Құлтасов.
3000 метр қашықтықтағы классикалық ұшқыр бәйгеде 1-орын, «Астана кубогі» жүлдесін Тафия атты тұлпар алды. Шабандоз – Олжас Әбдіхамит. Жылқы иесі – Әділет Тасмұхамбедов.
7000 метр қашықтықтағы Құнан бәйгеде1-орын, «Астана» жүлдесін Сарма атты тұлпар алды. Шабандоз – Темірлан Застежко. Жылқы иесі – Данияр Елемесов.
20 000 метр қашықтықтағы Аламан бәйгеде1-орын, «Астана күні мерекесі» жүлдесін Либирия атты тұлпар алды. Шабандоз – Самир Ильясов. Жылқы иесі – Владимир Водопьянов.
Ат жарысты Қостанай облысы әкімдігінің, Qazaq Jockey Club және Республикалық «Бәйге» федерациясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды.
Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Еске сала кетсек, Республикалық «Бәйге» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.