Сонымен, Ұшқыр бәйге, 1200 метр, қашықтықта, "Билетер" жүлдесі бойынша, Тактика тұлпары бірінші орын иеленді. Шабандоз – Мария Кариева, бапкері – Берік Әміров, ат иесі – "Қазақ тұлпары" Қостанай жылқы зауыты (Қостанай облысы), уақыты 1:24.
Ұшқыр бәйге, 2000 метр қашықтықта, "Нарта" жүлдесі бойынша Самғау атты сәйгүлік үздік атанды. Шабандоз – Сабыржан Байқұрман, бапкері – Алмас Құлтасов, ат иесі – Қабдылқалым Құлтасов (Ақмола облысы), уақыты 2:25.
Ұшқыр бәйге, 2400 метр қашықтықта, "Элита" жүлдесі бойынша, Барбара атты жүйрік қарсыластарынан басым түсті. Шабандоз – Сабыржан Байқұрман, бапкері – Алмас Құлтасов, ат иесі – Нұриден Садбеков, уақыты 2:54.
Құнан бәйге 7000 метр қашықтықта, "Форт" жүлдесі бойынша Сарма атты сәйгүлік мәре сызығын бірінші боп кесті. Шабандоз – Темирлан Застежко, бапкері – Виталий Пугачев, ат иесі – Данияр Елемесов (Қостанай облысы), уақыты 10.04.
Аламан бәйге 20 000 метр қашықтықта, "Қостанай облысының" кубогі бойынша, Либирия атты тұлпар бірінші келді. Шабандоз – Самир Ильясов, бапкері – Искандер Кужанов, ат иесі – Владимир Водопьянов (Қостанай облысы), уақыты 36.03.27.
Ат жарысты Қостанай облысы әкімдігінің, Qazaq Jockey Club және республикалық Бәйге федерациясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. Бас серіктес – "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктестер – ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Sport Qory спортты қолдау қоры.
Еске сала кетейік, Республикалық бәйге федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.