ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
2024-07-11 13:30
Чемпионат ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті. Сайысты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Sadaq Atu» республикалық федерациясы және «Oskemen sadaq atu» федерациясы ұйымдастырды.
Сайыс үш түрлі нысана негізінде өткізілді. Олар Пута, Қалқан, және Жамбы нысаналары. Чемпионатқа 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-17 жас аралығындағы 268 спортшы қатысты.
Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Еске сала кетсек, Республикалық «Садақ ату» федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.