Жаңалықтар

Құсбегіліктен жастар мен жасөспірімдер арасындағы 15-ші Қазақстан чемпионаты аяқталды.

2024-11-17 18:00
Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Ботақара ауылында өткен құсбегіліктен жастар мен жасөспірімдер арасындағы 15-ші Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

60-тан аса құсбегі қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Ителгі

1 орын: Сейітжан Бексұлтан (Алматы облысы)

2 орын: Кеңес Дархан (Ақмола облысы)

3 орын: Күнтуған Диас (Астана қаласы)

Қаршыға

1 орын: Есполат Ерасыл (Түркістан облысы)

2 орын: Жаңбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)

3 орын: Мұхитұлы Елдар (Алматы облысы)

Бүркіт

1 орын: Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)

2 орын: Сейітжан Бегасыл (Алматы облысы)

3 орын: Қазыбек Жандәулет (Қарағанды облысы)

14-17 аралығында өткен жарысқа ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы қолдау көрсетті.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Құсбегілік» федерациясы.

Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры.