Бәйгені Қостанай облысы әкімдігінің, Qazaq Jockey Club, Республикалық Бәйге Федерациясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктестер – ҚР Туризм және спорт министрлігі және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Жалпы жүлде қоры 19 000 000 теңге және бұл жүлде барша жеңімпаздарға (I, II, III орындар) бөлініп беріледі.
Сайыс бес қашықтық бойынша өтеді:
· Классикалық Ұшқыр бәйге (1 200 м);
· КлассикалықҰшқыр бәйге (2 000 м);
· КлассикалықҰшқыр бәйге (2 400 м);
· Құнан бәйге (7 000 м);
· Аламан бәйге (20 000 м).
Еске сала кетейік, қостанай тұқымы жылқыларының ат жарысы тұрақты түрде 2022 жылдан бері үшінші рет ұйымдастырылмақ.
«Былтыр ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Сенат депутаттары Қостанай жылқы тұқымын сақтау және өсімін көбейту туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Заңды ҚР Парламенті Мәжілісі мақұлдады. Қостанай жылқысы – ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін кеңінен қолданылатын жалғыз спорттық бағыттағы қазақтың асыл тұқымды жылқысы», - деді ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы вице-президенті Тастанбек Есентаев.
Бәйге 2024 жылдың 23 маусымында, сағат 11:00-де басталады.